
Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы жалпы білім беретін пәндерден оқушылардың таңдауы бойынша пәндік олимпиада ретінде өтеді. Олимпиада қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, жалпы тарих пәндері бойынша өткізіледі.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады: І-ші іріктеу кезеңі 2026 жылдың наурыз айының 11-15 күндері аралығында онлайн жүйесі арқылы өтеді,
ІІ-ші іріктеу кезеңі 2026 жылдың сәуір айының 15-20 күндері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өтеді. Олимпиадаға тіркелу мерзімі 2026 жылдың 9-шы наурызға дейін жалғасады.- Учитель: Аdmin администратор